Мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратылып жатыр
eGov-та 800 мыңға жуық қызметке бағалау жүргізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқарту мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге плашеттер таратудамыз. Алдағы уақытта 450 планшет қосымша берілетін болады, - деді министр.
Сондай-ақ Бағдат Мусин Smart Bridge арқылы интеграциялар оңай жүргізіліп жатқанын айтты.
Мемлекеттің азаматтармен қатынасын цифрлық құралдарға көшіру қолға алынды.Мысалы, e-Otinish платформасы өзінің тиімділігін растады. Бүгін әкімшілік сотқа өтініштерді оңай беру үшін Жоғарғы Сотпен интеграция жүргіздік. Мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша халықтан кері байланыс алынуда. Мысалы, біз eGov-та 800 мыңға жуық қызметке бағалау жүргіздік.Жасанды интеллект технологиясын қолданып, 1414 кеңес беру қызметін роботтандыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, - деді Б.Мусин.