00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Кірісі мен мүлкі туралы декларацияны 85 мыңнан астам адам әлі тапсырмаған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кірісі мен мүлкі туралы декларацияны 85 мыңнан астам адам әлі тапсырмаған
ашық дереккөз

Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 күн қалды, деп хабарлады Elorda.info.

 Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, кірісі мен мүлкі туралы декларацияны 85 мыңнан астам адам әлі тапсырмаған.

Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет. 2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы  декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс, - деп жазылған хабарламада.