00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Банк әр қазақстандыққа ай сайын 117 мың теңге төлейтіні рас па

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Банк әр қазақстандыққа ай сайын 117 мың теңге төлейтіні рас па
ашық дереккөз

Instagram қолданушылары Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс екендігі туралы жарнаманы көреді. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Шын мәнінде, бұл жарнама алаяқтардың ісі және оның Halyk Bank-ке ешқандай қатысы жоқ.

Бұл – алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат Halykbank.kz сайтында жарияланады», – деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметі.

Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жарнамада көрсетілген сілтемемен өткен кезде пайдаланушылар іс жүзінде жоқ сайтқа түседі, демек, ол жойылған немесе бұғатталған.