Отандық әуекомпания паркі тағы да жаңа ұшақпен толықты
Елімізге «SCAT» әуе компаниясының үшінші «Боинг-737»әуе кемесі келді. Бұл ұшақ авиакомпанияның әуе кемелері паркін 29 бірлікке дейін, оның ішінде "Боинг"үлгісіндегі 22 әуе кемесіне дейін ұлғайтады, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Өткен айда авиакомпания сыйымдылығы 189 және 174 кресло (оның ішінде бизнес-кластағы 12 кресло) болатын 2 «Боинг-737» ұшағын алған еді.
Әуе кемесін пайдалануға қосу авиакомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырып, тасымал кестесінің уақтылы орындалуы мен әуе билеттерінің ұсыныстарына оң әсер етеді.
Сонымен қатар, жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі тағы 11 ұшаққа толығады деп күтілуде. Осылайша қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артып, ұшуларды уақтылы орындауға оң ықпал етеді.