00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды
ашық дереккөз

Бұл туралы марқұмның әріптесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Марлан Нысанбаев әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Досымыз, әріптесіміз, белгілі мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген суретшісі, «Құрмет» орденінің иегері, Академия мүшесі Тілеуберді Бинашев өмірден өтті, - деп жазды Марлан Нысанбаев.

Тілеуберді Бинашев 1956 жылы 16 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Оның туындылары, атап айтқанда Күләш Байсейітова, Құрманғазы, Ахмет Жұбановтың ескерткіштері, Райымбек даңғылындағы этнографиялық мүсіндер және Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музейдің коллекциясы Алматының сәнін келтіріп тұр.