1 грамм есірткі сақтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Былтыр кейбір есірткінің қылмыстық мөлшері бекітілді. Мефедрон түрлері 3 грамнан 1 грамға төмендетілді. Марихуана араласқан спайстың түрлері 50 грамнан 1 грамға дейін деп бекітілді. Есірткініің 1 грамнан астам мөлшерін ұстаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал ол мөлшерге жетпесе, құқық бұзуға жатады. Құқық бұзу 296 баптың 1-2-тармақтарына жатқызылады. Ол дәрігердің кеңесінсіз тұтыну мен аз мөлшерде сақтағаны үшін жауапқа тартуды білдіреді, - деді Б.Әмірханов.
Елімізде құрамында есірткісі бар шөптерді өсіруге қатысты жаза бар.
Шөпті культвациялау Қылмыстық кодекстің 300-бабына жатқызылады. Мысалы, көбінесе Қызылорда облысында үнді қарасорасын анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Жыл сайын бізде «Қарасора» іс-шарасы 1 маусымнан 30 қазан аралығында өткізіледі. Жыл сайын үнді қарасорасының 60 плантациясы анықталады. Ол арнайы сорғы мен қондырғыларды қолдану арқылы өсіріледі. Плантацияларды тікұшақ арқылы ғана анықтауға болады. Қылмыскерлер маусым бойы сонда жатып, өсіреді, - деді басшы.