00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады
ашық дереккөз

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызмет атқарған Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Өсіповке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. ҰҚК хабарлауынша, лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық іс тергелді. 

Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сараланды.

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімовтің шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды

Мәсімов айтыстың эфирден көрсетілуіне тыйым салды – Дәулеткерей Кәпұлы (ВИДЕО)

Ал Ерғожинге қатысты іс Қылмыстық кодекстің 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша тергелді.

Өсіпов Қылмыстық кодекстің 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), Акипов және Бекмұратқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.

Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. 

Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды.