00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұят-ай!»: Сүндетке отырғызылған жасөспірім жаға ұстатты (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұят-ай!»: Сүндетке отырғызылған жасөспірім жаға ұстатты (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Видеода тойхананың ішіне аттың үстінде отырған бозбаланы екі жігіт екі  жағынан сүйемелдеп кіріп келе жатқаны көрсетілген. Ал той қонақтары аттың үстінде тұрған қоржынға көрімдік ақшаларын салып жатыр.

Желідегі оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Олардың бір тобы жасөспірім балаға мұндай сүндет тойды өткізуді есерсоқтық десе, енді бірі мұның еш әбестігі жоқ дейді.

Ерекше сүндет той еліміздің қай өңірінде өткені белгісіз.

«Уақытында тойды жасай алмай,кеш жасап отырған шығар», «Ысырап емес пе», «Әке-шешесінің арманы шығар», «Негізінде балаға сүндет той жасау керек екен», «Қазақ дарақыланып бара жатыр», «Тойдан басқа дым білмейтін халық болдық қой»,  «Есерсоқтаумыз», - деп жазды желі қолданушылары.