00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық ҚХА қайырымдылық акциясын өткізді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық ҚХА қайырымдылық акциясын өткізді
ашық дереккөз

«Мектепке жол – Бар мейірім балаға» ұранымен өткен акцияда әлеуметтік қолдауға мұқтаж көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу құралдары салынған сөмкелер берілді.

 

Мен 9 жастамын. Биыл 4-ші сыныпқа барамын. Мектепке баруға дайынмын. Достарымды, мұғалімімді сағындым, - деді елордалық оқушы Дияр Темірхан.

 

Мұндай акция қалада жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Қайырымдылық акциясы  кезінде 100-ге жуық балаға мектеп сөмкелерімен және оқу құралдары берілді. «Мектепке жол» акциясына елордалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен меценаттары белсенді қатысты. Атап айтар болсақ, елордалық тәжік, өзбек, шешен-ингуш, поляк, орыс қауымдастығы, түрік, украин және т.б. өз үлестерін қосты, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Нұркен Әбдіғали.

Іс-шара барысында Достық үйіне шақырылған балалар үшін кәсіби аниматорлар ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ балалар мультфильм кейіпкерлерімен бірге ойындар ойнады.

 

Жыл сайын  қайырымдылық акцияларға қатысып, өз үлесімізді қосып тұрамыз. Мен өзім Қазақстанда тудым және қазақ мектебін тәмамдадым. Қайда жүрсем де қазақ елін таныстырып жүремін. Қазақ халқына алғысымды айтамын, - деді тәжік этномәдени орталығының төрағасы Акбаржан Исмаилов.