00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттады
ашық дереккөз

Еnergyprom сарапшылары өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуін Түркістан облысында байқалды 50,1%. Сондай-ақ Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.

Былтырдан бері ең аз қымбаттау Жамбыл облысында тіркелді: 1,2%.

Мысалы, сурет дәптері былтырдан бері 14,1%, шарикті қалам 13,2%, түрлі-түсті қалам жинағы 12,1%, дәптер 12%, А4 қағазы 10,6% қымбаттады.

Жалпы биылғы шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтері былтырдан бері 7,1%, орта білім — 6,8%, кәсіптік орта білім — 11,7%, жоғары білім — 17,7%, ересектерге білім беру — 10,7% қымбаттады.

Өңірлер бойынша білім беру қызметтері бағасының ең көп өсуі Атырау (50%), Павлодар (19,4%) және Шығыс Қазақстан (19,1%) облыстарында байқалды.