00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ХҚКО мүгедектерге төлқұжат алғаны үшін мемлекеттік баж салығын заңсыз салған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ХҚКО мүгедектерге төлқұжат алғаны үшін мемлекеттік баж салығын заңсыз салған
ашық дереккөз

Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Талап етілген баждардың жалпы сомасы – 1 345 000 теңге.

Бұдан әрі осындай негізсіз мемлекеттік баж алуды болдырмау үшін Департамент ақпараттық жүйелерді сапалы интеграциялауды жүргізу, сондай-ақ белгілі бір санаттағы тұлғаларға және басқа да салаларда жеңілдіктер беруге қатысты қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажеттігін атап өтті, - делінген ресми хабарламада.