00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 25 сотталғанға электронды білезік тағылды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада 25 сотталғанға электронды білезік тағылды
ашық дереккөз

Жыл басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметімен 25 есептегі  сотталғанға электронды білезік тағылды. Аталған учаскеде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қатынасқа қол сұғушылыққа қарсы қылмыс жасағандар және бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы жазбаша ескерту түріндегі жазасы барлар тұрады. Осы сотталғандарға қаулыға сәйкес аяқтарына электрондық із кесу құралдары тағылды, сондай-ақ электрондық із кесу құралдарын қалай тағып жүруі туралы жадынама берілді. Сотпен тағайындалған міндеттерді орындау, соның ішінде тұрғылықты жері бойынша болуы тиіс кестесі, ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасамаулары түсіндірілді. Бұл тәжірибе пробация қызметінің жұмысын жақсарту бойынша жасалуда, өйткені электрондық із кесу құралдары олардың жүріп-тұруын қадағалау арқылы сотталғандарды тәулік бойы бақылауға септігін тигізеді, олардың тұрақты тұрғылықты жерінен қандай қашықтықта жүргенін көріп отырады, бұл дегеніміз жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзу, қайта қылмыс жасау қаупін төмендетеді. Есепте тұрған сотталған бұзушылық жасаған жағдайда, ол профилактикалық сұхбат жүргізу үшін пробация қызметіне шақыртылады. Электрондық із кесу құралдарын қолдану бойынша жүргізілген талдауға сәйкес қылмыс санының өсуінің төмендегені байқалды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметінің инспекторы менің аяғыма электронды білезік тақты, сондай-ақ электрондық із кесу құралдарын қалай тағып жүруім туралы жадынама берді. Білезік менің қалыпты өмір сүруіме, суға түсуіме, киім киюіме, спортпен айналысуыма және және ұйықтауыма ешқандай кедергі келтірмейді. Маған білезік кигізілгеннен кейін бас бостандығын шектеу жазасын өтеудің шынайылығы мен маңыздылығын түсіндім, – дейді сотталған А.