00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Күзде Қазақстаннан қандай жаңа рейстер ашылады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Күзде Қазақстаннан қандай жаңа рейстер ашылады
ашық дереккөз

Air Astana әуе компаниясының өкілдері өздерінің жоспарларын хабарлады. Қыста Пхукет (Таиланд), Мале (Мальдив аралдары) сияқты туристер арасында танымал бағыттарға рейстер санын көбейту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Ташкент пен Делиге рейстер іске қосылады. Қазір қазан айының соңында аптасына төрт рет Алматы - Бангкок рейсінің ашылуына дайындық жүріп жатыр. Желтоқсаннан бастап рейстер саны артуы мүмкін. Сондай-ақ, Алматы - Медина тұрақты рейстерін ашу бойынша жұмыс жасап жатырмыз, - деп хабарлады әуе тасымалдаушының өкілі.

Fly Arystan негізінен Түркияға қарай кеңейту бойынша жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтаудан аптасына екі рет Анкараға рейстер іске қосылады деп жоспарланған. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан - Баку рейсін іске қосу жоспарланып отыр.

SCAT әуекомпаниясының өкілдері халықаралық рейстер санының артқаны туралы айтып берді. Түркия, Моңғолия, Сауд Арабиясы мен Пәкістанға рейстер ашу жоспарланған.

Жақында Түркияда келіссөздер өтті. Қарашадан бастап Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл рейстерін аптасына төрт рет жиілікпен ашатын боламыз. Қарашада - Ұлан-Баторға аптасына екі рет. Жаңа рейстер Шымкент - Джидда, Алматы - Джидда аптасына екі рет. Қарашадан бастап Алматы - Карачи жаңа бағытын ашамыз. Нұр-Сұлтан - Душанбе келесі жылдың жазғы навигациясына кейінге қалдырылды, - деп хабарлады сарапшылар.

Qatar Air әуекомпаниясы жаңа маршруттар ашуды жоспарламайтынын айтты. Алайда әуе тасымалдаушы рейстер санының артуы туралы айттып. Мысалы, Ақтөбе - Баку - аптасына төрт рет. Сондай-ақ, ресейлік бағыттар бойынша: Новосибирск, Омбы және Екатеринбург сияқты қалаларға төрт рейсті алтыға дейін арттыру жоспарланған.