00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жарты жылда қазақстандық авиакомпаниялар қанша жолаушы тасымалдады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Жарты жылда қазақстандық авиакомпаниялар қанша жолаушы тасымалдады
ашық дереккөз

Жарты жылда отандық авиакомпаниялар халықаралық желілерде 1,2 млн адамды тасымалдады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 60%-ға артық, ішкі желілерде – 3,4 млн адам тасымалданды.

Air Astanaның жолаушылар ағыны шамамен 1,8 млн жолаушыны; FlyArystan – шамамен 1,4 млн; SCAT – шамамен 1,7 млн; Qazaq Air – шамамен 238 мың жолаушыны құрады.

Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны осы кезеңде 10%-ға артып, 8,9 млн адамды құрады. Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді 5 отандық авиакомпания аптасына 687 рейс жиілігімен 57 маршрут бойынша орындайды. Халықаралық ұшулар 28 елге аптасына 115 бағыт бойынша 518 рейс жиілігімен орындалады.