00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

3 тамызға арналған ауа райы болжамы

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
3 тамызға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Бүгін ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронттар аймағында болады – солтүстіктен оңтүстікке ауыса отырып, фронттар жаңбыр, найзағай, екпінді жел соғады, күндіз орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемі бар жерлерде жауын-шашын тоқтайды.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С болады. Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С болады. Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С болады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.