Елордада есірткі арнасы жойылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті «А» есімді елордалық тұрғынды ұстады.
Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді.
Тергеу барысында есірткі астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде оралып, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл бап бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмыстарды жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:59
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр