00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елдегі бірқатар авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елдегі бірқатар авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

Тергеу барысында 5 маусымда «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін Fly Arystan әуетасымалдаушысының Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені анықталды. Осы рейстің жолаушыларына ұшуды күту кезінде «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүйде орналастыру қызметтері дұрыс деңгейде көрсетілмеген, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты 28 шілдеде авиакомпанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес авиакомпанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін «Эйр Астана» компаниялар тобы 7 және 21 шілдеде рейсті кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы биыл «Эйр Астана» компаниялар тобы рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 9 189 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта рейстің кешігуіне және жолаушылар құқықтарының бұзылуына байланысты тергеу жалғасуда, құқықбұзушылық фактілері анықталған жағдайда тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.