00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1 тамыздан бастап елімізден көмір экспорттауға тыйым салу жоспарланып отыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1 тамыздан бастап елімізден көмір экспорттауға тыйым салу жоспарланып отыр
ашық дереккөз

Министрлік биыл коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылатын көмір бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында жоспар әзірледі. Аталған жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы көмір тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тонна болады деп болжануда. Оның ішінде, коммуналдық-тұрмыстық секторға - 2,6 млн, ал халыққа сатылатыны 7 млн тоннаны құрамақ.

«Былтыр қыркүйекте ауа райының күрт салқындауына байланысты елдің орталық және солтүстік аймақтарында көмірге сұраныс артты. Осы жағдайды пайдаланған алыпсатарлар бір тоннасын 13 мың теңгеден сатып алып, оны тұрғындарға 30 мың теңге сатты. БАҚ арқылы халықтан ішкі нарыққа арналған көмір экспортқа шығарылып жатыр деген өтініштер түсті. Талдау көрсеткендей, өткен жылы көрші елдерге көмір экспортының көлемі ұлғайды. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасына 19 пайызға, Өзбекстан Республикасына 30 пайызға экспорт өсті. 2021 жылы Қырғыз Республикасына теміржол арқылы 1 020 тонна (2050 вагон), автомобильдермен 123 мың тонна көмір тасымалданған. Сондықтан халықты көмірмен қамтамасыз етуде келіспеушіліктер туындамас үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 6 айға көмірді автомобильдермен Қазақстан территориясынан әкетуге тыйым салу орынды деп санайды», - деп көрсетілген бұйрықта.

Бұйрық 10 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылды.