00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден көлік әкелетіндерге ескерту жасады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден көлік әкелетіндерге ескерту жасады
ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы уақытта Грузия мен Әзербайжан азаматтары Қазақстанға жиі көлік кіргізе бастаған.

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады  және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер  - ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер).   Осыған орай, МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді, деп жазылған хабарламада.

Заң бойынша, уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл)  автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады. 

Қазіргі таңда осы талапты орындамаған 116 көлік ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына қойылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарынан жеке пайдалануға арналған автокөлікті сатып алғанда еліміздің заңнамасын сақтауды сұрайды.