Қант жоқ деп айта беруге болмайды – Бақыт Сұлтанов
Қант жоқ» деп айта беруге болмайды. Халық арасында «Халва, халва дегеннен аузың тәтті болмайды» деген сөз бар. Сондықтан “жоқ, жоқ” деген сөзге халық сеніп, жүгіре бастайды. Мысалы, мен 2 апта бұрын ірі сауда желісіне барып, өзім қант сатып алдым. Сонда қанттың 1 келісі 470 теңге болды. Қазіргі мәліметке сәйкес, баға 480 теңгеге көтерілген. Мен шайға қант қоспаймын, бал қосамын, - деді Сауда және интеграция министрі.
Елдегі қант мәселесіне қатысты Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те пікір білдірді.
Соңғы рет қантты сауда желілерін 1 келісін 620 теңгеге сатып алдық. Қанттың 1 келісін 1 мың теңгеге үйдің жанындағы шағын дүкендер сатып жатқан шығар. Олар көтерме саудамен айналысатын ірі орындардан сатып ала алмайды. Сондықтан олар екінші немесе үшінші қолдан сатып алады. Сондықтан осындай бағаны қойып отыр. Мен де шәйді қантсыз ішемін, - деді министр.