00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шілде айынан бастап картоптың бағасы 5%-ға төмендеді – министр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шілде айынан бастап картоптың бағасы 5%-ға төмендеді – министр
ашық дереккөз

Ішкі нарықтың айлық қажеттілігі 152,7 мың тоннаны құрайды. Әкімдіктердің ақпараты бойынша бүгінгі күні картоп қоры 124,9 мың тоннаны құрайды. Маусым айынан бастап ерте картоп жиналуда. Ерте пісетін картоптың жалпы өнімі бүгінде 270,9 мың тоннаны құрайды. Ерте картоп өнімінің жиналуы ішкі нарықты молықтыруға және картоп бағасының тұрақтануына ықпал еткенін айта өткім келеді. Осы айдың басынан бері картоптың бағасы 5%-ға төмендеді (184 тг/кг-нан 179 тг/кг-ға дейін), - деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, қыркүйектен бастап күзгі картопты жинау басталады. Оның  көлемі 4 млн. тоннадан асады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және белгілі бір көлемді экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді.  

Оқи отырыңыз: Елордада картоп бағасы қалай өзгерді