Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағытындағы рейстер саны екі есеге артады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағытындағы рейстер саны екі есеге артады
ашық дереккөз

Осылайша 15 тамыздан бастап «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыратынын хабарлады.

Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді, – делінген министрліктің хабарламасында.

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.