Байқоңырда ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр
Inform.kz ұсынған мәліметке сәйкес, ғарыш орталығының мамандары зымыранның бірінші және екінші кезеңдерін механикалық құрастыруды жүзеге асырған соң олар ғарышайлағы учаскесінің № 31 техникалық кешенінің құрастыру-сынау корпусындағы сақтау орнына жөнелтілді.
Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыстың келесі кезеңі - пневматикалық сынақтар, автономды және кешенді сынақтар, ең соңында ғарыштық зымыранның жалпы жинақтау жұмыстары.
Айта кетейік, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшыру 2022 жылдың 21 қыркүйегіне жоспарланған. ХҒС-қа құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франсиско Рубио бар 68-ші ұзақ мерзімді экспедиция экипажы аттанады.