Елімізге шетелдік 43 ірі компания көшіп келуі мүмкін
Ол бұған Еуразия аймағындағы қазіргі геосаяси жағдай себеп болып отырғанын айтты.
Қандай да бір себептермен ресейлік нарықты тастап кеткен шетелдік компаниялар Еуразия кеңістігінде ықпалын сақтап қалғысы келетінін мәлімдейді. Қалай болғанда да, үлкен ойыншылар бір жерге негізделуі керек. Қазіргі кезде 265 компанияны бақылап жатырмыз, - деді Алмас Айдаров.
Қазақстан шетелдік инвестицияларды тартуда пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралып, Орталық Азия елдері арасындағы негізгі инвестициялық серіктестердің бірі болып қала береді.
Өткен жылы шетелдік серіктестер Қазақстан экономикасына 24 миллиард долларға жуық инвестиция салды, бұл бір жыл бұрынғыдан (17,2 миллиард доллар) 38 пайызға артық. Бір қызығы, шетелдік инвестицияның 60 пайыздан астамы қазірдің өзінде экономиканың шикізаттық емес секторына құйылып отыр.