Елде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 700-ден астам ойыншық анықталды
Комитет қызметкерлері ай сайын мониторинг жүргізіп, зерттеу үшін ойыншық үлгілерін алады. Кейін сәйкессіздіктерді анықтайды.
Өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келмеді, бұл 47,1% - ды құрады. Оның ішінде, отандық - 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 59 (8,4%), басқа елдер - 638 (90,3%). Бұзушылықтардың негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзуға келетін-97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша -3,3%, - деп жазылған хабарламада.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарды ойыншықтарды сатып алу кезінде мұқият болуға шақырады.
Сатып алудан бұрын сатушылардан тауардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификатын ұсынуды талап етіңіз. Күмәнді жерлерде өнімді сатып алмаңыз, таңбалауға назар аудармаңыз. Ережелерді сақтай отырып, сіз балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз, - деп жазылған хабарламада.