00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

20 шілдеге арналған ауа райы болжамы

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
20 шілдеге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Бүгін республикның басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюін, солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады. 

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

«Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі» - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.