00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әуе рейстерінің кешігу себебі белгілі болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әуе рейстерінің кешігу себебі белгілі болды
ашық дереккөз

Соңғы кездері ел ішіндегі, сондай-ақ халықаралық бағыттар бойынша ұшатын рейстерге қатысты хат-хабарламалар көптеп түсіп жатыр. Шынымен, бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар ағынының күрт өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде рейстердің кешігуіне әкеп соғып, отандастарымыздың наразылығын тудырып отыр.

Орын алған бұл мәселені жедел шешу мақсатында қазақстандық әуе тасымалдаушыларға жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырдым. Осылайша, жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын 14 жаңа әуе кемесі пайдалануға берілетін болады. Атап айтқанда, SCAT авиакомпаниясы 9 ұшақ, Fly Arystan – 3 және Air Аstаnа 2 ұшақпен толықтырылады. Бұл шаралар тасымалдау сыйымдылығын едәуір арттыра түспек, - деді министр.

Министрдің айтуынша, әуе тасымалдарына қатысты сұраныс жылдан жылға артып келеді екен. Сондықтан сұранысты қанағаттандырып, рейстердің кешігуін алдын алу үшін қазақстандық әуе кемелері паркі 2025 жылға дейін 51 бірлікке ұлғаяды.

Жалпы рейстердің кешігу фактілері бойынша түсіп жатқан шағымдарды ескере келе, менің тапсырмам бойынша ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігіндегі әріптестерім тиісті тергеу амалдарын бастап кетті. Егер жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталса, тиісті әуекомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, - дейді Қайырбек Өскенбаев.