00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Байланыс әскерлері бөлімдерінің далалық сабақтары өтіп жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байланыс әскерлері бөлімдерінің далалық сабақтары өтіп жатыр
ашық дереккөз

Мұнда байланыс бөлімшелерінің машығы мен үйлесімділігі жетілдіріліп, офицерлер мен сержанттардың  бөлімшелерді басқарудағы дағдылары одан сайын  беки түседі.

Бұған  байланыс бөлімшелері, фельдъегерлік-пошта байланыс пункттері және Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінің байланыс тораптары қатысады.

Далалық сабақтарда оқытудың алдыңғы кезеңдері барысында, әсіресе жеке және топтық нормативтер мен оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде алынған жеке құрамның білімі мен дағдыларын тексеріп, бекітуге мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта жақсы нәтиже көрсеткен телеграф және радиожелілік станциялар экипаждарының жұмысы бағаланды, - деді 41321 әскери бөлімінің командирі майор Ринат Әбілтаев.