00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәріханада 7 күннен кейін өлімге әкелетін парацетомол сатылып жатқаны рас па (ФОТО)

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Дәріханада 7 күннен кейін өлімге әкелетін парацетомол сатылып жатқаны рас па (ФОТО)
ашық дереккөз

Stopfake.kz мәліметі бойынша суретте ұсынылған дәрі-дәрмектің қаптамасында өндіруші компанияның атауы көрсетілген – Apex. Бұл парацетамол шығаратын үнді фармацевтикалық компаниясы, бірақ оның қауіптілігі туралы хабарланбаған.

Бұдан басқа, Израильде шығарылған аса қауіпті «парацетамол» туралы ақпарат Желіде көп уақыттан бері әртүрлі вариацияларда таратылып келеді. Ең алғашқы нұсқалардың біріне сәйкес, таблеткаларда улы сым болған екен. Кейіннен ақпаратта израильдік «парацетамолдың» құрамында өте қауіпті мачупо вирусы бар деп жаза бастады. 2017 жылы хабарлама Қазақстанға да жетті. Оны Фармация комитеті жоққа шығарып, мұндай «парацетамол» елімізде жоқ деп мәлімдеді.
«Парацетамол» бес күнде адамды өлтіреді деген ақпарат желіде пандемия басталғалы таралуда. Ол кезде қауіпті дәрі COVID-19 жұқтырған науқастарын емдеу үшін қолданылады деп жазды.

Қорыта айтқанда, 7 күнде өлімге әкелетін «Парацетамол» туралы хабарламалар желіде қайтадан тарала бастаған ескі фейктің модификациясы болып табылады.