00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маусымда бос жұмыс орындарының саны 1,5 есе өсті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Маусымда бос жұмыс орындарының саны 1,5 есе өсті
ашық дереккөз

Бос жұмыс орындары санының күрт өсуі барлық өңірлерде байқалды, бірақ ең көбі Ақтөбе (2,5 есе) және Жамбыл (3 есеге жуық)  облыстарында байқалып отыр. Нәтижесінде аталған өңірлер бос жұмыс орындары бойынша бірінші орынға шықты (тиісінше 12,9 мың және 12 мың бос жұмыс орны). Қарағанды облысы да бос жұмыс орындары бойынша алдыңғы қатарға жайғасты (12,6 мың). Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен фирмалардың ұсынысы 5,8%-ға – 3,3 мың бос орынға дейін азайды. Сондай-ақ, ұсынылатын жұмыс орындарының ең аз саны Шымкент қаласында – 3,5 мың және Маңғыстау облысында – 3,1 мың бос орын, - деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Әсіресе елордада құрылыс саласындағы жұмысшыларға сұраныс жоғары.

Соңғы айларда қосалқы жұмысшыларға, күзетшілерге, жүргізушілерге, санитарларға, мұғалімдерге, дәрігерлер мен медбикелерге деген сұраныс жоғары. Маусым айында өзгеріс болған жоқ. Осылайша, ЭЕБ порталының деректеріне сәйкес бос лауазымдардың ең көп саны қосалқы жұмысшылар (19,8 мың бос жұмыс орны және 15,2 мың түйіндеме), жол құрылысы жұмысшылары (3,1 мың бос жұмыс орны және 294 түйіндеме), күзетшілер (2,2 мың бос жұмыс орны және 621 түйіндеме), жүргізушілер (4,4 мың бос жұмыс орны және 1,4 мың түйіндеме), мұғалімдер (3,9 мың бос жұмыс орны және 2,7 мың түйіндеме) және дәрігерлер (635 резюмеге қарсы 2,2 бос орын), – деп бөлісті ақпаратпен Александра Молчановская.