00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құны 27 млн теңге болатын тауарларды елге заңсыз кіргізбек болған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Құны 27 млн теңге болатын тауарларды елге заңсыз кіргізбек болған
ашық дереккөз

Автобөлшектер, аккумуляторлар, дәнекерлеу аппараты мен шаруашылық тауарларын Қазақстанға бір ЖШС кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарып әкелуге тырысты. 2022 жылғы 14 маусымда «Қалжат» кеден  бекетінде декларацияланбаған жүкті тасымалдау әрекеті тоқтатылды, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұзушылық сыртқы экономикалық қызметке қатысушымен ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу кезінде анықталған.

 

Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша жалпы салмағы 20 тонна декларацияланбаған  тауарлар анықталды. Оларға 5,5 млн теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар салынды. Импорттаушы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Декларацияланбаған тауарлар бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы бюджетке өндіріп алынды, - деп жазылған хабарламада.