00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда 1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді
ашық дереккөз

Бұдан былай ХҚКО мереке күндерін қоспағанда сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз сол күйінде қалады (9.00-ден 20.00-ге дейін).

ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ қазақстандықтар «ХҚКО» қосымшасы арқылы бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады.