«Тұмар-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды
Сыйлыққа қатысу үшін 10 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-параққа 40 жұмыс енді. Лауреаттар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы ұсынылған материалдарды кәсіби бағалау нәтижелері бойынша анықталды.
Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.
Іс-шараға «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі АҚ демеушілік жасады.
«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:
Үздік тележурналист
Владислав Цой – «Хабар 24» телеарнасы
Үздік тележүргізуші
Аскар Мендыбаев – «31 канал»
Үздік режиссерлік жұмыс
«Жена» – «Qazaq TV» телеарнасы
Үздік деректі фильм
«Каспийден кеткен қыпшақтар» – «ATYRAY» телеарнасы
Үздік әлеуметтік жоба
«Дау-дамайсыз» – «КТК» телеарнасы
Үздік ток-шоу
«Время говорить» – «Atameken Business» телеарнасы
Үздік ойын-сауық бағдарламасы
«Almaty Bala Fest» – «Алматы» телеарнасы
Үздік телевизиялық сериал
«Ахмет. Ұлт ұстазы» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
Үздік ақпараттық бағдарлама
«Saraptimes» – «Astana TV» телеарнасы
Үздік аймақтық телеарна
«Turkistan» – Түркістан қ.
Арнайы жүлде «Balapan» телеарнасына Қазақстандағы Балалар жылы аясында балалар контентінің дамуын ынталандыру үшін табысталды.