00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Танымал саясаткер Бердібек Сапарбаевтың ұлы LRT жайында өз пікірін білдірді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Танымал саясаткер Бердібек Сапарбаевтың ұлы LRT жайында өз пікірін білдірді
ашық дереккөз

Сұхбат барысында көптен бері жыр болған LRT – жеңіл рельсті көлік құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі басқарма басшысы қазақстандықтарды мазалаған LRT құрылысының алдағы тағдыры жайында айтты. Шенеуніктің айтуынша, қала тұрғындары мен қонақтары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің жартысынан көбі LRT құрылысының жалғасуын қолдапты. Өзі де жеңіл рельсі көліктің болғанын қалайтын Жансұлтан Сапарбаев қазіргі кезде жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Болжам бойынша 2030 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2 млн-нан асады. Сондықтан жеңіл рельсті көлік шаһарға қажет, - деді сұхбат барысында Жансұлтан Сапарбаев.