Қазақстанда заңды тұлғаларды тіркеу қызметі толығымен автоматтандырылған
Egov.kz порталы арқылы 30 минут ішінде бизнесті тіркеуге болады. Бұл рәсімнің қарапайымдатылғаны соншалық, тіпті ЖШС ашу үшін, мысалы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерге жарғы қажет емес, ол тіркеу жарналарын төлеуден босатылады және салық комитетіне бармауына болады. Хабарлама беру үшін тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы сондай-ақ электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркеуші органға кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы электрондық хабарлама беруі қажет. Сонымен қатар, тіркеу кезінде өтініш берушіге заңды тұлғалардың жарғыларын ұсынудың қажеті жоқ.
Тиісті жолдарды толтырғаннан кейін, жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Енгізілген деректердің дұрыстығы расталғаннан кейін және жүйе дұрыс жұмыс істеп тұрса, тіркеу туралы анықтама 30 минут ішінде беріледі.