00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда жас құтқарушылар арасында жарыс өтеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда жас құтқарушылар арасында жарыс өтеді
ашық дереккөз

Жарыс спорттық іс-шаралар бойынша және өзін-өзі құтқару дағдыларына оқыту бағыттарында өтеді, атап айтқанда: Психологиялық тестілеу; «Визит карточкасы» конкурсы; «Жас құтқарушылар» командалары арасында үздік әнұран, ту, нысанды киім-кешек және сөз сөйлеуге арналған конкурсы; «Газет-жарнама қалқаны» конкурсы; «Алғашқы көмек көрсету» конкурсы; «Авариялық-құтқару жұмыстары» саласындағы жарыстарының түрі; «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» жарыстарының түрі; «Су акваториясындағы құтқару жұмыстары» жарыстарының түрі; «Өрт эстафетасы» жарыстарының түрілері қамтылған.

Жарыстың мақсаты мен міндеті – өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа формалары мен әдістерін енгізу. Өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, дұрыс әрекет ету дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету, сол сияқты мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, педагогтардың назарын төтенше жағдайлардың алдын алу проблемаларына аудару.

Сондай-ақ, балаларды және жастарды төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындауға, өзіне-өзі және өзара көмек көрсетуге бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға тарту да жарыстың басты мақсаттарының бірі болып есептеледі.