00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

2025 жылдың соңына дейін халық 100% таза ауыз сумен қамтылуы керек – Смайылов

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
2025 жылдың соңына дейін халық 100% таза ауыз сумен қамтылуы керек – Смайылов
ашық дереккөз

Бұл – әлеуметтік маңызы жоғары мәселе. Сондықтан әкімдіктер ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарына ерекше мән беруі тиіс. Аталған жобаларды қаржыландыруға басымдық берілуі керек. Әкімдіктер ауыл ішінде жүргізіліп жатқан су құбырлары мен елді мекенге дейін тартылатын топтық су құбырларының жоспарын бір-біріне сәйкестендіру керек. Кейбір топтық су өткізгіштердің құрылысы жылдар бойы аяқталмай жатқаны жасырын емес. Дегенмен қазір жағдай біршама жақсарып келеді, – деді Ә.Смайылов.

Құрылысы ұзаққа созылған 10 жобаның 7-еуі пайдалануға берілді. Қалған 3 жоба биыл іске қосылады.

Мұндай проблемалардың орын алуының басты себебі – жобалық құжаттамалардың сапасыз дайындалуы. Соның кесірінен жоба құны бірнеше есе қымбаттап кетеді де, тапсырыс берушілер мен мердігер компаниялар арасында келіспеушілік орын алады. Мұның барлығы жергілікті билік тарапынан үйлестіру жұмыстарының әлсіздігінен. Жаңа жобаларды іске асыру кезінде осы жайттардың барлығын ескеріп, тапсырманы уақытында орындау қажет, – деді ол.