00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Бұл шал құтырайын деген екен»: Асанәлі Әшімовтің көлігі желіде жұртты шулатты (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бұл шал құтырайын деген екен»: Асанәлі Әшімовтің көлігі желіде жұртты шулатты (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Желіде жарияланған видеода қара түсті жол талғамайтын көліктің мемлекеттің номерінің орнына  «ASANALI» деген жазу ілінген. Және оған полицейлер арнайы қызметтік көлікпен ілесіп жүрген. Көлік жол жиегіне аялдаған кезде Асанәлі Әшімовке бірнеше полиция қызметкері құрметпен амандасып жатқаны байқалады.

Желі қолданушыларының бірі мұның заңсыздық екенін айтса, енді бірі ұлы өнер иесіне деген құрмет деп бағалап жаттыр.

«Асанәлі Әшімовке заң жоқ па сонда? Нөмір тақпайды дейсің ғой. Гайшниктер тоқтатпақ түгілі, қолын сүйейін деп жүр ғой», «Жаңа Қазақстан деген осы ма?», «Бәріне бірдей болу керек. Әйтпесе, еліктегендер есіріп кетеді», «Шварцнегер де Америкада бұлай жүрмейтін шығар», «Мынадай жасқа келіп баланың понтын жасағаны қарапайымдылыққа жатпайды», «Бұл шал құтырайын деген екен» десе, енді бірі «Міне, құрмет», «Жүре берсін. Асанәлі біреу-ақ қой!», «Ол көкемізге болады» деген секілді түрлі пікірлер жазылуда.

Айта кетейік, Кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толып жатыр.