00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық колледж студенттері өз өнерлерін көрсетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық колледж студенттері өз өнерлерін көрсетті
ашық дереккөз

Шара барысында жастар ән айтып, би билеп, музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Сонымен қатар елордалық колледж студенттері флеш-моб ұйымдастырды.

Біз бұл іс-шараны «Астана жастары»  Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «NS-35»  жобасының арқасында жүзеге асырдық. «NS-35»  жобасына елордалық колледждердің барлық көшбасшылары мен белсенділері кіреді. Бізді 12 колледж қолдады. Жастардың өзі осы концертті ұйымдастырғысы келді. Біз бұл шараны демалыс күні Арбатта өткізуді ұйғардық, осылайша жастарды шығармашылыққа көбірек тарту керек. Біздің басты мақсатымыз: Қазақстан - біртұтас ел, біртұтас ұлт, - деді «Астана жастары»  КММ Жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Дамир Акимов.