00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
ашық дереккөз

Осы жылдың 29 сәуірі сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы «ҚТЖ» АҚ техникалық жолаушылар паркі аумағында (Шу көшесінің аяғы, әл-Фараби даңғылы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысында) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізбекші.

Іс-шараның мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша міндеттерін орындауға дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде барлық күрделі элементтер қолданылады.

Ведомствоның мәліметінше, техникалық жолаушылар паркі аймағында шектеу шаралары қарастырылған.

Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға және жауапты мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талабын орындауға шақырамыз, – делінген хабарламада.