00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қалдықтарды қайта өңдеуге қалай дайындау керек

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қалдықтарды қайта өңдеуге қалай дайындау керек
ашық дереккөз

Мамандардың айтуынша, жыл сайын біздің планетада 2 миллиард тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады.

2050 жылға қарай қалдықтардың планетадағы саны 70 пайызға артады. Егер біз оларды сұрыптап, қайта пайдалануды бүгіннен бастамасақ, онда бірнеше онжылдықта планетамыз үлкен бір үйіндіге айналады.

Сұрыптауды бастамас бұрын қоқысты, әсіресе, таңбалауды қажет ететін пластикті мұқият тексеру керек. Өйткені қаптамадағы бір нәрсе одан әрі пайдалану үшін жарамсыз болуы мүмкін.

Ескі техникалар арнайы қабылдағыштарға тапсырылады. Елорданың әр ауданында тұрмыстық электр қалдықтарын жинайтын 70-тен астам контейнер орнатылған.

Үйіңіздің жанында электр қалдықтарын жинауға арналған арнайы контейнерлер болмаса немесе пайдаланылған тоңазытқышыңыз контейнерге сыймай қалса, компания қызметкерлерін үйіңізге шақырып, бұзылған жабдықты өз бетінше алып кетуге өтініш жасай аласыз.