00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның қай өңірлерінде қылмыс көп тіркеледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның қай өңірлерінде қылмыс көп тіркеледі
ашық дереккөз

Оның 17,9 мыңы – орташа ауыр, 12,8 мыңы – ауыр, 6,8 мыңы – ауыр емес, 807-сі – аса ауыр қылмыстар. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде 47,7 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бір жыл ішінде 13,3 пайызға аз көрсеткіш. Құқықбұзушылықтар саны, статистикаға сәйкес, жылдан жылға азайып келеді.

Өңірлік тұрғыда қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді: 22,2 пайыз немесе 9,9 мың оқиға, яғни бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 26,6 пайызға артық. Антиүздіктердің алғашқы үштігіне Нұр-Сұлтан (4,3 мың жағдай, жылына -6,9 пайыз) мен Алматы облысы (4,2 мың жағдай, -3 пайыз) кірді, - делінген хабарламада.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең азы Қызылорда облысында тіркелді: бұл өңірде небәрі 972 оқиға тіркелген, яғни бір жыл ішінде 19,3 пайызға азайған.

Қылмыстық құқықбұзушылықтар санының жыл сайынғы ең көп өсімі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Ал ең көп төмендеуі Ақмола облысында байқалды: 28,5 пайызға, яғни  2022 жылғы қаңтар-наурызда 1,5 мың оқиғаға дейін азайған.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі меншікке қарсы құқықбұзушылықтар болып отыр: 31,2 мың іс, бұл – бір жыл бұрынғыдан 7,4 пайызға аз көрсеткіш.

Сонымен қатар жеке тұлғаға қарсы қылмыстар (3 мың іс, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,6 пайызға аз) және қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар (2,3 мың іс, бір жыл ішінде 34,7 пайызға көп) болды.