Қытайдың тағы бір мегаполисі миллиардерлер санынан Нью-Йоркті басып озды
Хабарламаға сәйкес, бір жылда Шэньчжэньдегі ең бай адамдар тізіміне сегіз миллиардер қосылып, Қытай мегаполисіндегі олардың саны 113-ке жетіп, Нью-Йоркті басып озды.
Миллиардер тұрғындарының саны бойынша қалалар тізімін Қытайдың мегаполистері бастап тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, 144 миллиардер Бейжіңде, Шанхайда (121), Шэньчжэньде (113) және Нью-Йоркте (110), Лондонда (101) тұрады.
Hurun Report Шэньчжэньдегі миллиардерлердің көбеюі алдағы жылдарда мегаполиске одан да көп жас кәсіпкерлерді тартатын үрдісті көрсететінін атап өтеді. Шэньчжэннің өрлеуі 1980 жылы «реформалар мен ашықтық» саясатының бір бөлігі ретінде Қытай материгіндегі алғашқы арнайы экономикалық аймақ аталуынан басталды.
1979 жылдан 2021 жылға дейін Шэньчжэннің жалпы ішкі өнімі 475 миллиард долларға дейін өсті. Қалада Қытайдың ең ірі технологиялық компаниялары, соның ішінде телекоммуникациялық алпауыт Huawei және интернет-конгломерат Tencent орналасқан.
Жергілікті биліктің мәліметінше, өткен жылы Шэньчжэнь қаласында 2500 жаңа жоғары технологиялық компания құрылып, олардың жалпы саны 17 мыңға жеткен.