Ажырасқан әйел жасауын сот арқылы қайтарып алды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Сот дерегінше, ерлі-зайыптылар былтырғы маусым айында некеге тұрған. Қалыңдықтың туыстары ғұрыпқа сай ұзатылған қыздың жасауын апарып берген. Бірақ жылға жетпей екі жас ажырасады.
Осыдан кейін келіншек түскен үйінен жасауын қайтарып беруді сұраған. Алайда өтініші орындалмапты. Ақыры әйел амалсыз сотқа жүгінген. Сот тараптарға медиация арқылы дауды бейбіт жолмен шешуге кеңес берген. Нәтижесінде күйеу жігіт жағы 14 сәуірге дейін қалыңдықтың артынан келген мүлікті қайтаруға, ал талапкерлер келісілген күні өздеріне тиесілі жүкті тиеп алып кетуге міндеттеліпті.
Осыған ұқсас іс жарты жыл бұрын Маңғыстау облысында да тіркелген болатын. Бірақ, ол кезде ер адам әйелімен ажырасқан соң қайын жұртына берген қалыңмалын қайтарып алмақ болған.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді