00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Халал» деп жүрген шұжықтар мен консервілерде доңыз еті бар болып шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Халал» деп жүрген шұжықтар мен консервілерде доңыз еті бар болып шықты
ашық дереккөз

Зерттеу нәтижелері туралы ДСМ СЭБК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасы мәлім еткен.

Наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алды. Зерттеу барысында сиыр консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды: жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығы (дайындаушы: ЖК «Павлов А. С.», Ресей, Башқұртстан Республикасы); стерильденген кесек етті консервілер «Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» (дайындаушы: «Стандарт» Курганский мясокомбинат» ЖШҚ, Ресей, Қорған қ.); «Жоғары сұрыптағы бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек етті консервілер (дайындаушы: «Орелпродукт» АҚ, Ресей, Орловск облысы). Сондай-ақ етқұрамды, тартылған ет, стерильденген консервілер де бар. «Түскі астық доңыз еті» өнімінен тауық ДНҚ-сы табылды (өндіруші: Ресей, Мәскеу облысы, «Селятино» ет өңдеу зауыты),- деп жазылған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен берілген ақпаратта.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты бұл өнімдер сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілген.

ҰСО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалау бойынша да бірқатар бұзушылыққа жол берген. Заттаңбада көрсетілген сипаттамалар іс жүзінде құрамымен сәйкес келмейтіндігі анықталған.