00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтөбелік оқушы студентке несие алуға мәжбүрлеген

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтөбелік оқушы студентке несие алуға мәжбүрлеген
ашық дереккөз

Полиция департаментінің мәліметінше, полиция бөліміне 17 жастағы колледж студентінің ата-анасы тонау туралы арыз жазған. Айтуларынша, бейтаныс жігіт ұлын өзіне телефон сатып алу үшін 330 000 теңгеге онлайн несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Полиция қызметкерлері қаладағы мектептердің бірінің 11-сынып оқушысын ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілеумен жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны қарастырады, - деді полиция.