00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 1 010 елдімекен бар

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 1 010 елдімекен бар
ашық дереккөз

ТЖМ басшысының хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басуға үш нәрсе себеп болды. Бұл – қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазіргі таңда су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.

Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Жол картасы аясында 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды және 4-і мерзімінен бұрын орындалды.

Жалпы еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-інде су басу қаупі сақталып отыр. Бұл орайда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылып, 385 елді мекенде сейілді. Биылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қар жамылғысының ауданы 47%-ды құрайды.

Биыл жылынудың бірінші толқыны барысында ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басу жағдайлары тіркелді.

Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) еріген қар суының астында қалды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскелерін су шайып кетті. 

Өз кезегінде өңір әкімдері су басқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Премьер-министр Жол картасын іске асыруды жеделдетуді, келіп түскен шағымдарға жедел әрекет етуді, су басу қауіптерін жоюды тапсырды. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аудару қажет. Өңір басшылары бұл мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс.