00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Astana Hub-та тіркелген 5 компания криптовалюта шығарумен айналысқан

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Astana Hub-та тіркелген 5 компания криптовалюта шығарумен айналысқан
ашық дереккөз

Оның айтуынша, аудит барысында  халықаралық технопарктің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін жобалар жүзеге асырылғаны анықталды.

Astana Hub-те 5 компания тіркелді. Оның ішінде тек бір компания  ресми түрде майнер ретінде тіркелген. Олар көбіне криптовалюта өндірумен айналысқан. Осылайша, 2021 жылғы 1-3 тоқсанда бұл компанияларға 8,5 млрд теңге көлемінде заңсыз салықтық преференциялар берілген, – деді Ақылбай Ыбыраев Есеп комитетінің кулуарында.

Оның айтуынша, қалған 4 компания стартап ретінде тіркелген.

Astana Hub технопаркінің негізгі мақсаты – IT cаласына инвестиция тарту мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Мұндай мәселе заңның шикілігінен болып тұр. Біз Үкіметке заңдағы осы олқылықты жоюға ұсыныс береміз, – деді бөлім басшысы.