00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің бес облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің бес облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды
ашық дереккөз

Атырау облысында құйынды жел бірнеше ауылды жарықсыз қалдырды 31 наурызда Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда 31 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда көктайғақ болуы ықтимал. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

31 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Батыста, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, түнде солтүстікте, облыстың шығысында кей жерлерде 23 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде екпіні 23 м/с болады.

31 наурыз – 2 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с, 31 наурызда кей жерлерде 23 м/с. Таразда 31 наурыз – 2 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның үш облысында 14 жол учаскесі жабық.