«Нұр-Сұлтан – Алматы» тасжолын жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аяқталады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын көлік дәлізі «Қарағанды – Балқаш», «Балқаш – Бурылбайтал», «Бурылбайтал – Күрті» және «Күрті – Қапшағай» учаскелеріне бөлінген. Бүгінгі таңда жолдың 500 шақырымында жұмыстар аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Тағы 434 шақырымында биыл төменгі қабат жабыны төселіп, пайдалануға беріледі. Ал 2023 жылы жаңғырту жұмыстары толық аяқталады.
Жолдағы жұмыстарға 1 мыңнан астам техника және 1 600-ге жуық маман тартылған. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдар құрылыс материалдарын дайындап жатыр.
Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң бұл жолмен көліктер сағатына 120 шақырыммен жүре алады. Тиісінше, Нұр-Сұлтан қаласынан Балқаш көліне 6-7 сағатта жетеді. Алматыдан жету үшін шамамен осындай уақыт кетеді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді